ҚАЗГИДРОМЕТ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚАТТЫ АЯЗ КҮТІЛЕДІ

ҚАЗГИДРОМЕТ: ҚАЗАҚСТАНДА ҚАТТЫ АЯЗ КҮТІЛЕДІ

Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклон республиканың оңтүстік өңірлеріне қарай жылжып, Қазақстан аумағы бойынша өз қозғалысын жалғастыруда. Мұндай жағдайда қатты аяз алдағы үш күнде елдің үлкен аумағында сақталады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Синоптиктердің айтуынша, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады деп күтілуде.

Батыста ауа температурасы түнде 27-35, күндіз 15-25аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40-тан 20-30-ға дейін, күндіз 27-35-тен 13-22 аязға дейін көтеріледі.

Орталықта негізгі фон түнде 35-40, аймақтың оңтүстігінде 25-30аяз, күндіз 20-30-дан 15-26 аязға дейін көтеріледі.

Шығыста ауа температурасы түнде 20-33-тен 30-43-ке дейін, күндіз 15-23-тен 23-33-ке дейін төмендейді деп күтілуде.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыстасиноптиктерауа температурасының түнде 10-20-дан 20-31-ге дейін, күндіз 8-16-дан 12-23-ке дейін төмендеуін болжайды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер