СЕБУДІҢ ОҢТАЙЛЫ МЕРЗІМДЕРІНЕ БОЛЖАМ ЖАСАЛДЫ

СЕБУДІҢ ОҢТАЙЛЫ МЕРЗІМДЕРІНЕ БОЛЖАМ ЖАСАЛДЫ

Алынған есептік деректерге сәйкес жаздық дәндідақылдарды егудің алдын ала оңтайлы мерзімдері Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында негізінен мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында — мамырдың бірінші және екінші онкүндігіндеболжанады. Бұл туралы ElDala.kz Қазгидромет болжамына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қарағанды облысында егудің оңтайлы мерзімдері негізіненмамырдың екінші және үшінші онкүндігінде, Қарқаралыжәне Жаңарқа аудандарында — мамырдың бірінші онкүндігінде болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында оңтайлы мерзімдер негізіненмамырдың екінші және үшінші онкүндігінде, облыстыңоңтүстігінде — егістің басталуы сәуір айының соңында болжанады.

«Бұл болжам алдын ала және сәуір айының соңында нақты метеорологиялық көрсеткіштер бойынша нақтыланатын болады», — деп атап өтті синоптиктер.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер