ҚАЗАҚСТАН ЕЛГЕ БИДАЙДЫ АВТОКӨЛІКПЕН ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ЕЛГЕ БИДАЙДЫ АВТОКӨЛІКПЕН ӘКЕЛУГЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқымдық бидайданбасқа бидайды 6 ай мерзімге автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына әкелугетыйым салуды енгізуге бастамашылық жасады. Тиісті нормативтік-құқықтық актініңжобасы жария талқыланып жатыр.

Бұл бастама соңғыбірнеше жылда бидайдың заңсыз әкелінуінен зардап шеккен қазақстандық астық пенұн нарығындағы ағымдағы жағдайға байланысты туындады.

Салалыққауымдастықтардың деректері бойынша «сұр» импорттың көлеміжылына 1,5-2 млн тоннаға жетеді, ал мемлекетке келтірілген жалпы шығын жыл сайын500 млн доллар мөлшерінде бағаланады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер