ҚАЗАҚСТАН ТҮРІКМЕНСТАННАН ҚЫЗАНАҚ САТЫП АЛЫП, БИДАЙ ЭКСПОРТТАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН ТҮРІКМЕНСТАННАН ҚЫЗАНАҚ САТЫП АЛЫП, БИДАЙ ЭКСПОРТТАЙДЫ

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға алғаш рет келді. Сапар барысында Қазақстан Президенті мен Түрікменстан басшысы өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Биыл қос ел арасындағы тауар айналымы 2,4 есе артты.

2022 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстаннан Түркіменстанға экспорт 2,5 есе өсіп, 211,1 млн доллар болды.

Түркіменстанға экспорттың өсуі негізінен бидай, телефон құрылғылары, кемелер жеткізудің ұлғаюына негізделген.

Сердар Бердімұхамедов басшылық ететін елден бізге табиғи газ бен қызанақ жеткізіледі.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2005 жылдан бері Түрікменстаннан Қазақстан Республикасына 2,7 млн доллар қаржы тартылған.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер

<o:p> </o:p>