ҚАЗАҚСТАН ҚХР-ДАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫНА КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮДЫ СҰРАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚХР-ДАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫНА КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮДЫ СҰРАДЫ

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудың өзекті мәселелерін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян бейнеконференцбайланыс режимінде екіжақты келіссөздер барысында талқылады. Сауда-экономикалық және транзиттік-көлік салаларындағы, ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимыл мәселелері қозғалды, деп хабарлайды world of Nan.

Өз сөзінде Әлихан Смайылов өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының көлемі 14% — ға артып, 18 млрд долларға жеткенін атап өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылы одан да серпінді өсім байқалады: 10 айда бұл көрсеткіш шамамен 33% — ға өсіп, 19,7 млрд долларды құрады.

Оның айтуынша, жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын одан әрі кеңейту, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнату қажет. Атапайтқанда, Қазақстан Оң сауда трендін нығайтуға және 135 тауар позициясы бойыншаөз өнімінің Қытайға экспортын ұлғайтуға дайын.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты үшінке дергілерді алып тастаудың, трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғаубойынша өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз қазақстандық әріптестерімізбен бірлесіп, елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуүшін жұмыс істеуге дайынбыз», — деді Ли Кэцян.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер