Қазақстан мен Өзбекстан өзара сауда көлемін ұлғайтуды және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ташкенттегі бизнес-форум аясында екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлері ынтымақтастықтың тиісті бағдарламасына қол қойды.
2025 жылға дейін құны 193,1 млн доллар болатын 12 инвестициялық жобаны іске асыру және 1,2 млрд долларға 2,1 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде картоп, көкөніс, ет және ет өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстанарасындағы ауыл шаруашылығы тауарлары айналымы оң көрсеткіштерді көрсетіп отыр, мәселен биылғы 10 айда 31%-ға өсіп, 1,4 млрд доллардан асты. Қазақстаннан экспорттың көлемі 1,165 млрд доллардан асты. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Өзбекстанға негізінен бидай, күнбағыс майы, ұн және ІҚМ еті, сондай-ақ макарон өнімдері мен картоп сатады. Өзбек тарапы Қазақстанға 233,7млн долларға жеміс пен көкөністерді сатты.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер