ЕЛІМІЗГЕ КӨЛІКПЕН БИДАЙ ИМПОРТТАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

ЕЛІМІЗГЕ КӨЛІКПЕН БИДАЙ ИМПОРТТАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айғатыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», — делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.

Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер