ҚАЗАҚСТАН - ӨЗБЕКСТАНҒА НЕГІЗГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ БІРІ

ҚАЗАҚСТАН - ӨЗБЕКСТАНҒА НЕГІЗГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ БІРІ

Қазақстандық өнімнің үлесі 36,2% құрады.

Қазақстан ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Өзбекстанға азық-түлік жеткізу бойынша көш бастап тұр.

ӨР мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар — қыркүйегінде Қазақстан Өзбекстанға азық-түлік тауарларын жеткізуші негізгіелдер тізімінде бірінші орынды сақтап қалды. Көрсетілген кезеңде Өзбекстан азық-түлік импортының жалпы көлеміндегі қазақстандық өнімнің үлесі 36,2 пайызды құрады.

Негізгі сұраныс қазақстандық бидайға – 1,8 млн тонна, ұнға – 280 мыңтонна, арпаға – 73 мың тонна, өсімдік майына — 65 мың тонна және картопқа — 49,6мың тонна келеді.

Негізгі импорттаушылардың бестігіне Ресей – 24% (жалпы импорттан), Бразилия – 14,7%, Беларусь — 4,3%, Пәкістан – 2,2% кірді.

Бұған дейін Өзбекстандағы ұн импортының 95% — дана стамы қазақстандық өнімге тиесіліекендігі хабарланған болатын.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер