ҚАЗАҚСТАН ЖЖМ ӘКЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛУДЫ ҰЗАРТУҒА НИЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН ЖЖМ ӘКЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛУДЫ ҰЗАРТУҒА НИЕТТІ

Елімізде автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды ұзарту жоспарлануда, деп хабарлайды world of nan.

Энергетика министрлігінде айтылғандай, мұндай шара ЖЖМ ішкі нарығында мұнай өнімдерінің жетіспеушілігінің туындауына жол бермеуге бағытталатын болады.

«Ол үшін автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды көздейтін» Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Энергетика, ішкіістер министрлері мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығын ұзарту жоспарлануда", – деп хабарлады министрлік.

Тыйым майлау майларын әкетуге және мұнай өнімдерін дайындаушы зауытта көзделген автокөліктің бензин бактарында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкеткен жағдайда қолданылмайды.

Мамандардың айтуынша, бірлескен бұйрықтағы өзгерістер мұнай өнімдерін шекара арқылы әкетуге жолбермейді.

"Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелерітуралы" бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған, сондай-ақ 2023 жылғы 3 қаңтарға дейін онлайн-талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында қолжетімді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер