ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ЖЕТКІЗУДЕГІ ШЕКТЕУЛЕРДІ АЛЫП ТАСТАУҒА НИЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ЖЕТКІЗУДЕГІ ШЕКТЕУЛЕРДІ АЛЫП ТАСТАУҒА НИЕТТІ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев пен Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт жануарлар ауруларының өршуіне байланысты енгізілген тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импорты бойынша өзара шектеулерді алып тастау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Шектеулерді алып тастау туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін тараптар беларусь мамандарының қатысуымен қосымша үш жақты консультациялар өткізуге келісті.

Еске салсақ, Асқар Жақыпбаев бүгінде ет Ресей мен Қытайға экспортталмайтынын, бірақ мамыр айында еліміз қауіпсіз деп танылғаннан кейін еттің барлық түрін экспорттауға болатынын айтты.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер