ҚАРАШӨКЕЕВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ ДЕП ОТЫР

ҚАРАШӨКЕЕВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУҒА ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ ДЕП ОТЫР

Қазақстанда алдағы 3 жылда машина-трактор паркін жаңартуға 243 млрд теңге әрі 355 млрд теңге көлемінде инвестициялық субсидия бөлінеді деген уәдені ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев беріп отыр.

Депутаттар елде шаруалардыңтехникасы әбден тозғанын, олар жыл сайын қымбаттап жатқанын атап өтіп, депутаттық сауал жолдады. Соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасы шарықтаған бағасына тоқталды. Соңғы 5 жылда комбайндар мен тракторлардың құны 2 есе, ал биыл олардың бағасы 30%-ға қымбаттаған.

Ербол Қарашөкеев бұл өте күрделі мәселе дейді.

«Алдағы 3 жылда 243 млрд теңгеге лизинг кредит техниканың сыйақы мөлшерлемесін арзандатуға ақша қарастырылып жатыр. Осыған қарамастан биыл нақты кредит пен лизингтің сыйақы мөлшерлемесі 21-22%-ға өскенін ескеріп, субсидия мөлшерлемесін көтеріп отырмыз. Оның алдында 10% субсидиялауға жатса, қазір оны 16%-ға көтердік. Сондықтан бізлизинг пен кредиттің сыйақы мөлшерлемесін субсидияланған сыйақы мөлшерлемесін 7%-дан 6%-ға дейін төмендеттік», — деді ол.

Сондай-ақ шаруалардың техникасын жаңартуға қосымша қаржы бөлінеді.

«Алдағы 3 жылдық бюджетте бізде тағы 355 млрд теңге инвестициялық субсидия қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстанда құрастырылған техникаға да субсидия төлемі қарастырылған», — деді Қарашөкеев.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер