ҚАРАШӨКЕЕВ БИДАЙДЫҢ САПАСЫН ӨТЕ ЖАҚСЫ БАҒАЛАП ОТЫР

ҚАРАШӨКЕЕВ БИДАЙДЫҢ САПАСЫН ӨТЕ ЖАҚСЫ БАҒАЛАП ОТЫР

Биылғы жылы астық өнімінің көлемі ағымдағы болжамдардан асып түсуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

«Өткен жылы таза салмақта тазалап, кептіргеннен кейін біз шамамен 16,3 млн тонна астық жинадық. Биылғы жылы орташа жылдық деңгей 18,3 млн тонна болады деп ойладық. Қазір біз бұл болжамды шамамен 1 млн тоннаға асырамыз деп ойлаймыз», — деді Ербол Қарашөкеев.

Министр хабарлағандай, бидай бойынша егін жинау 13,4 млн тонна деңгейінде болжанған, бірақ болжамды кемінде 1 млн тоннаға арттыру жоспарлануда.

«Егін бар. Астық бар. Бидай бар. Биылғы жылы бидай өте сапалы. Біз ішкі нарықты толық қамтамасыз етеміз. Ешқандай проблема болмайды», — деп сендірді ол.

Оның айтуынша, елдегі бидай бағасы тұрақты. Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев елдегі нан 11,9%-ға қымбаттағанын айтты, бұл ретте барлығы кінәлі, бірақ ауыл шаруашылығы министрлігі емес дегендей болды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамыздапікірлеріңізбен бөлісіңіздер