СИНОПТИКТЕР ҚАРАШАДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН АЙТЫП БЕРДІ

СИНОПТИКТЕР ҚАРАШАДА АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН АЙТЫП БЕРДІ

Қараша айында республика бойынща ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады, жауын-шашынның таралуы келесідей күтіледі: Қазақстан Республикасының батыс жартысында нормадан аз, шығыста — норма шамасында.

Қараша айының басында ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады деп күтілуде, республиканың оңтүстігінде әлі де көбінесе жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ құбылыстарымен және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен бірге күтіледі, жекеленген аудандарда көктайғақ болуы мүмкін.

Қарашаның алғашқы күндерінде ҚР аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады — күндіз +10+18°С.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде тұрақсыз ауарайы болжанады. Термометрлердің бағандары түсуі мүмкін: солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін; оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамыздапікірлеріңізбен бөлісіңіздер