АҚПАН АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА АУА-РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

АҚПАН АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА АУА-РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

Қазақстанда ағымдағы жылдың ақпан айында көптеген өңірлерде бір айдағы орташа ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері республиканың көп аумағында нормаға жуық болжанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, ақпанның бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстік жартысының тұрғындарын жылы және жауын-шашынды ауа-райы күтеді. Оңтүстік циклондардың жиі шығуы қарқынды жауын-шашынның түсуіне әкеледі, Қазақстанның оңтүстігімен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде -2+5°С-қа дейін, күндіз +5+12°С-қа дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында қайтадан түнде -3-15°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін салқындайды.

Еліміздің батыс аймақтарына Солтүстік-батыс циклонмен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, бірінші онкүндікте батыс аймақтардың тұрғындары науа-райының тұрақсыз сипаты, жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі араласжауын-шашын мен екпінді жел күтеді. Ауа температурасының күндізгі фоны -3+5°С шегінде болжанады.

ҚР қалған аймақтарында бірінші онкүндіктің бірінші жартысында Сібір антициклонының әсерімен аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кезеңнің екінші жартысында Сібір антициклоны әлсірейді, Жерорта теңізі аудандарынан циклон республиканың солтүстік-батысына қарай жылжиды, еліміздің солтүстік жартысында атмосфералық фронттардың күшеюімен қар жауы, бұрқасын, желдің күшеюі 15-25 м/с дейін болжанады.

Ауа температурасы жоғарылайды:

еліміздің солтүстігінде түнде -20-28°С-тан -15-20°С-қа дейін, күндіз

-8-18°С-тан -5-10°С-қа дейін;

орталық аймақтарда ауа температурасы түнде -13-28°С-тан -7-15°С-қа дейін, күндіз -7-12°С-тан -1-7°С-қа дейін ауытқиды;

еліміздің шығысында ауа температурасының басым фоны түнде

-15-28°С, күндіз -5-15°С шамасында болжанады.

Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығыс жартысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстік жартысында және Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Абай облысының қиыр оңтүстік-шығысында және Жетісу облысының оңтүстік-шығыс жартысында нормадан көп боладыдеп болжануда.

Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде республика бойынша ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады: еліміздің басым бөлігінде негізінен қармен бұрқасын, ҚР оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

Ауа температурасының ауытқуы күтілуде:

еліміздің батыс өңірлерінде түнде -15-25°С-тан -7-15°С-қа дейін, күндіз

-5-10°С-тан -5+5°С-қа дейін;

республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде

-20-30°С-тан -10-15°С-қадейін, күндіз -10-15°С-тан -2-7°С-қа дейін;

ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -10-18°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан+3+10°С-қа дейін.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер