ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИНИСТРЛЕР ҚАНДАЙ ТІЛДЕРДІ БІЛЕДІ?

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИНИСТРЛЕР ҚАНДАЙ ТІЛДЕРДІ БІЛЕДІ?

Ranking.kz компаниясымен жүргізілген зерттеуіне сәйкес тілдерді меңгеру бойынша елдегі министрлердің рейтингі жасалды. Белгілі болғандай, 19 министрдің 2-уі мемлекеттік тілді, 7-уі ағылшын тілін білмейді.

Биылғы жылы ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көшбастап тұр. Министр жеті тілді — қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапонжәне латын тілдерін меңгерген.

Екінші орынды Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров иеленді: бес тілді біледі екен.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі,цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жәнеЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова: төрт тілденбіледі. Алайда, Тамара Дүйсенова төрт тілді меңгергеніне қарамастан, қазақтілді білмейді. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де мемлекеттік тілдібілмейді. Ал, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 3 тілді – қазақ, орысжәне ағылшын тілдерін білетіндердің қатарында.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер