ҚАЙ ӨҢІРЛЕР АУСЫЛДАН АЗАТ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

ҚАЙ ӨҢІРЛЕР АУСЫЛДАН АЗАТ БОЛЫП ТАНЫЛДЫ

Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарының аусылдан азат мәртебесі расталды, деп хабарлайды АШМ.

«Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығы ұйымының Жануарлардың аурулары жөніндегі ғылыми комиссиясы жыл сайын ресми түрде танылған елдер мен аусылсыз аймақтарды қайтарастауды қарауын аяқтағанын мәлімдеді. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс5 аймағының вакцинациямен аусылдан азат ету мәртебесін қайта растау ұсынылды. Аталған 5 аймаққа Алматы, ШҚО, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары кіреді. Аталған аудандардың аусыл ауруы бойынша мәртебесі 2017 жылы алынған болатын», — делінген.

Сонымен қатар, Жануарлардың аурулары жөніндегі ғылыми комиссия жыл сайын Африкалық обадан азателдер мен аймақтардың мәртебесін қайта растау мәселесін қарастырды, оның нәтижесі бойынша Қазақстанның осы аурудан азат мәртебесін растауды ұсынды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер