ҚАНТ ЗАУЫТТАРЫМЕН ҚАНДАЙ АЙМАҚТАР КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРДЫ

ҚАНТ ЗАУЫТТАРЫМЕН ҚАНДАЙ АЙМАҚТАР КЕЛІСІМШАРТҚА ОТЫРДЫ

Қарағанды және Атырау облыстары айналым схемалары бойынша қаржыландырудың жаңа тетіктері бойынша 2,5 млрд теңге сомасына Тараз және Көксу зауыттарымен қарыз шарттарын жасасты. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шарттар шеңберінде зауыттар екі облыстың базарларына бір килограмы үшін 460 теңгеден аспайтын сату бағасы бойынша 4 мың тоннадан астам қант жеткізеді.

Жақын арада осындай шарттарғаПавлодар, Жетісу, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары 5 млрд теңгеден астамсомаға қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл ретте шарттарға қол қою рәсімдері және тиісінше қаражат бөлу Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында кешіктіріліп жатыр.

«Еліміз бойынша өңірлердің әкімдіктері тарапынан төрт отандық қант зауытына шикі қантты сатып алу үшін 25млрд теңге айналым қаражаты бөлінетін болады», — деп түсіндірді ведомствода.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, қант зауыттары үш айлық шикі қант көлемін 136 мыңтонна көлемінде сатып алып, жыл бойы тұрақты өңдеуді қамтамасыз етеді. Өзкезегінде зауыттар сату бағасын белгілеу, зауыттарды міндетті түрде жаңғырту, сақтау қуатын ұлғайту және қант саласын дамыту жөніндегі жоспарды орындау бойынша нақты қарсы міндеттемелер қабылдайды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер