СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАЙ ӨҢІРЛЕРГЕ КӨБІРЕК ӘСЕР ЕТПЕК?

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ҚАЙ ӨҢІРЛЕРГЕ КӨБІРЕК ӘСЕР ЕТПЕК?

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

— Су ресурстарын көптеп тартыла бастаған кезде Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы 2030 жылға қарай 23,2 текше километрге жетуі мүмкін. Бұған бірқатар факторәсер етеді. Бәрінен бұрын климаттың өзгеруі, су ресурстарының республиканың аумағы бойынша біркелкі бөлінбеуі және соған байланысты су ресурстарына жүктеме болуы ықтимал, — деді министр.

Спикердің сөзінше, су ресурстарына қатысты жағдай ел аумағында күрделене түспек.

— Елдің шығыс аймағы су ресурстарымен барынша қамтамасыз етілген. Еіліміздің орталдығы — ең аз қамтамасыз етілген аймақ (Нұра-Сарысу бассейні). Көршілес елдерге ең тәуелді оңтүстік және батыс аймақтар болып келеді. Болжам бойынша, су тапшылығы оңтүстік және батыс аймақтарға да көбірек әсер етеді, — деді Серікқали Брекешев.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер