ЕГІС АЛДЫНДА ШАҒЫН ФЕРМЕРЛЕРДІ ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМАЛАР МАЗАЛАЙДЫ

ЕГІС АЛДЫНДА ШАҒЫН ФЕРМЕРЛЕРДІ ҚАНДАЙ ПРОБЛЕМАЛАР МАЗАЛАЙДЫ

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде егіс науқаны басталып кетті, ал басқа облыстарда жақын арада басталғалы тұр. Алайда шағын фермерлердің ағымдағы жағдайға көңілдері толмайды. Олардың айтуынша, жылдан жылға бір проблемалар тізбегі өзекті болып қала беруде.

«Жыл сайын шаруалар жеңілдікпен бөлінген дизель отынының қымбаттығымәселесін көтереді. Фермерлер үшін жанармай құны өте маңызды мәселе, өйткеніастықтың өзіндік құнында отын 25-тен 30%-ға дейін алады. Қазірдің өзінде шаруалар дизель отынын нарықтық бағамен алып жатыр деуге болады. Біз ақпараттық вакуумдағыдай тұрмыз: дизель отынының мұндай бағасы неден тұратыны туралы еш жерде айтылмайды», — деп атап өтті Ұлттық агроқозғалыстың төрағасы Алмасбек Садырбай.

Ұлттық агроқозғалыстыңпікірінше, мәселенің шешімі көктемгі дала жұмыстары кезеңінде дизель отынынаакциздің төмендетілуі болуы мүмкін: өткен жылдан бастап акциздер тоннасына 9300теңгеден 35726 теңгеге дейін қымбаттады.

«ЖЖМ құнын төмендетудің тағы бір шешімі көктемгі егіс жұмыстары кезінде дизельотынының бағасын мемлекеттік реттеу болуы мүмкін», — деп ұсынды Агроқозғалыста.

Алмасбек Садырбай шағын фермерлерге жыл сайын мемлекет тарапынан көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген қаражаттың аз мөлшері беріледі депесептейді.

«Биыл көктемгі дала жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі көлемі іріагрохолдингтерге кепілмен қамтамасыз етілуіне байланысты кетеді. Сондықтаншағын фермерлер үшін несие алу кезінде талаптарды қайта қарау және жеңілдетуқажет. Мысалы, өндірістің бес жылдық тарихын ескере отырып, осылайша шағын фермерлерге кепілдікпен несиеберуді ұсынамыз», — дейді агросарапшы.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер