ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек осы саладағы бірқатар субсидиялардың жойылатыны хабарлады.
«Жалпы, тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады», — деп атап өтті спикер.
Келесі субсидиялар: бұқалар мен қошқарларды жалға алу, ерігенсуларды жинауға арналған тоғандар құрылысын, күркетауық етінің, суда жүзетін құстың, вагондардың, балық шаруашылығының құнын, аудит жүргізу бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру комиссияларының, өз басы жоқ ІҚМ және ұсақ мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметтерін субсидиялау.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қарсы міндеттемелерді алу нормасы енгізіледі .Вице-министрдің айтуынша, сүтке, құс етіне және жұмыртқағатауарлық-спецификалық субсидиялар бойынша субсидиялау нормативтері өзгеріссізқалмақ.
«Негізгі мемлекеттік ақпараттық базалармен интеграцияланғансубсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізіледі. Субсидиялардыңқолжетімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «күту парақтары» енгізілді. Жалпы, Субсидиялау қағидаларының барлық жаңа жобаларыбүгінгі күні мемлекеттік органдарда келісу рәсімін өтуде және жақын арада бекітіледі», — деід Әбілхайыр Тамабек.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер