ҚАНДАЙ КӨКӨНІСТЕР КҮЗ КЕЗІНДЕ АСА ПАЙДАЛЫ?

ҚАНДАЙ КӨКӨНІСТЕР КҮЗ КЕЗІНДЕ АСА ПАЙДАЛЫ?

Күннің салқындауы, дымқылдылық, өткір жел – жаздыңыстық күндеріне әбден үйренген ағзамызға кері әсерін тигізеді, сондықтан жиі тұмауратып қалып жатамыз. Басқа мезгілдерге қарағанда, күз кезінде денсаулығыңызды күтіп, иммунитетіңізді нығайтып отырғаныңыз абзал. Мұның ешқандай қиындығы да жоқ: бар болғаны күнделікті тағам мөлшеріңізге құнарлы азық-түліктер мен сусындарды енгізсеңіз, жетіп жатыр.

Жаңа сығылған жеміс, әсіресе көкөніс шырындарының иммунитетті көтеруге толық шамасы жетеді. Олардың қатарына: қызанақ, қияр, қызылша, сәбіз, балдыркөк және ақжелкен шырындарын жатқызамыз.

Сондай-ақ, біз атын жиі ести бермейтін Е дәрумені күзайларында таптырмас қуат көзі бола алады. Дәнді дақылдар, грек жаңғағы мен миндаль, жасыл көкөністер мен шөптердің құрамында аз көлемде болсын Е дәрумені кездеседі. Қауын-қарбыз бен алма Е дәруменіне бай.

Күнделікті тұрмыста қолданатын майлардың, атап айтқанда өсімдік майы, жүгері майы мен зәйтүн майының құрамында да Едәрумені бар. Е дәруменінің бір күндік нормасын орындау үшін тағам құрамындағы майдан бөлек, аталған сұйық майды күніне 1 қасық қолданса жеткілікті.

Пайдалы ақпарат па?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер