ТИІМДІ ЕГІН ЖИНАУ ҮШІН РЕСЕЙДЕ ҚАНДАЙ ӘЗІРЛЕМЕЛЕР ҚОЛДАНУДА?

ТИІМДІ ЕГІН ЖИНАУ ҮШІН РЕСЕЙДЕ ҚАНДАЙ ӘЗІРЛЕМЕЛЕР ҚОЛДАНУДА?

Көрші елдегі ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықпен бөліспекшіміз. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, осы елдің ғалымдары шетелдік аналогтардан артықшылығы бар ауыл шаруашылығына арналған технологияларды ойлап тапқан.

Атап айтқанда:

— жоғары репродукциялы вируссыз тұқымдық картоп өндіруге арналған цифрлық басқару жүйелері бар машиналар мен жабдықтар кешені;

— түйнектердің зақымдануын анықтайтын, сондай-ақ оларды фракцияларға бөлетін автоматты бақылау жүйесі барқұрылғы;

— картопты іріктеу жәнетұқым өсіру үшін автоматты отырғызу машинасы, оның көмегімен түйнектерді біркелкі отырғызуға болады.

Шетелдік аналогтарды ресейлік климат пен топыраққа байланысты, әсіресеотандық селекция сорттарын өсіру кезінде қолдану қиын екені белгілі болды. Сондықтан ресейлік фермерлерге отырғызу, өңдеу және егін жинаудың технологиялықоперацияларын сапалы орындайтын селекциялық және тұқым өсіру машиналары қажеттілігі өзекті болған.

Мұндай технологияларды қалай бағалайсыздар? Өзге елдердің ауыл шаруашылығы саласындағы қызықты жаңалықтарды бөлісіп отырайық па?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер