Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі бір апта ғана жұмыс істейді, бірақ әзірлеушілерге көптеген сұрақтар туып отыр. Қостанай облысының аграршылары платформамен жұмыс істеу кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын inbusiness.kz анықтады.
1 ақпанда АШМ gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйеде АӨК субсидиялауға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады. Содан кейін министрлікте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерін қабылдауға порталдайын деп сендірді.
Алайда, қостанайлық аграршылар жүйенің жұмысындағы кемшіліктерді атап өтті.
«Лизингке сатып алынған техника бойынша инвестициялық субсидияларға өтінім берудің техникалық мүмкіндігі жоқ. Өтінімді қалыптастыру кезінде электрондық шот-фактуралар жүйесінен деректер әрдайым жүктелмейді. Сондай-ақ барлық шаруашылықтарда өтінімде ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетілмейді», — деп атап өтті Қостанай облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, инвестициялық салымдар кезінде аграршы өтінімге «негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» статистикалық есебінің көшірмесін қоса беруі тиіс. Бірақ бұл құжатты тек заңды тұлғалар тапсырады. Шаруа және фермер қожалықтары оны тапсыра алмайды, бірақ жүйе барлық шаруақожалықтары өтінімге есеп беруге міндетті етіп бағдарламаланған. Сондай-ақ, берілген өтінімдерді қайтарып алу мүмкіндігі жоқ.
Фермерлер атап өткен тағы бір маңызды жайт, жеке кабинетте «далалардың электрондық картасы» бөлімінде жер учаскелері дұрыс көрсетілмейді, бірақоларға тек "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ мамандары ғана өзгерістер енгізе алады.
Сіздер жүйеде жұмыс істеп көрдіңіздер ме, кемшіліктері бар ма?
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер