АШМ хабарлағандай, «Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 428 бұйрығына сәйкес 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылдың 1 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі сандық шектеулерді (квота) енгізді:
— 60 000 (алпыс мың) бас бұқашықты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінеәкетуге;
— 120 000 (жүз жиырма мың) бас еркектоқтыны (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарноменклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдергежәне Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге.
1) 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қою үшін сандық лимит 60 000 (алпыс мың) басты құрайды, оның ішінде:
— бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;
— тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отызмың) бас.
6 айдан асқан еркек тоқтылардыкарантинге қою үшін сандық лимит 120 000 (жүз жиырма мың) басты құрайды, оныңішінде:
— бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;
— тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас.
2) Қазақстан Республикасының аумағынан12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңынаарналған лимит жиынтық мөлшерде 500 (бес жүз) бастан аспайды, бір тауарөндіруші үшін – 200 (екі жүз) бастан аспайды.
Қазақстан Республикасының аумағынан 6айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңынаарналған лимит жиынтық мөлшерде 1000 (мың) бастан аспайды, бір тауар өндірушіүшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.
3) Жануарларды карантиндеу кезеңініңбасталу және аяқталу күні мен уақыты және тауарларды әкетуге арналған квотаныбөлу Министрдің бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлуқағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ҚазақстанРеспубликасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» ҚазақстанРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 428қаулысы.
4) Жануарларды карантиндеу ҚазақстанРеспубликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10223 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкесжүргізіледі.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер