ЕЛДЕ ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРУ САЛАСЫ ҚАЛАЙ ДАМЫП КЕЛЕДІ?

ЕЛДЕ ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРУ САЛАСЫ ҚАЛАЙ ДАМЫП КЕЛЕДІ?

2020 жылы Қазақстанның жұмыртқа саласы нағыз құлдырауға ұшырады.

Құс тұмауының өршуінің салдарына бірқатар кәсіпорындар жабылып, елде жұмыртқа өндірісі 14%-ға қысқарды. Осылайша, құс фабрикаларының 20%-дан астам құсы қырылды.

Бірақ қазір бұл салада өсім байқалады. 2022 жылы жұмыртқа өндірісінің өсуі 16%-ға жетті. Құс фабрикалары жыл соңына дейін 3,7 млрд жұмыртқа өндіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жыл сайын үй шаруашылығында шамамен 1 млрд жұмыртқа өндірілетінін де ескеру керек.

Статистика бойынша адамбір жыл ішінде 240 жұмыртқа тұтынады. Ішкі нарықты отандық өніммен қамту үшін жылына 4 млрд 700 млн жұмыртқа өндіру қажет. Сарапшылардың айтуынша, қажеттілік 100%-ға жабылады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер