АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІ 5-12 МЛН ТЕҢГЕ НЕСИЕ ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІ 5-12 МЛН ТЕҢГЕ НЕСИЕ ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?

Несие 5-7 жылға беріледі, жылдық мөлшерлемесі – 6%.

Аграрлық несие корпорациясы ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген шағын несиелер беру науқаны басталғанын хабарлады. Биыл ауыл мен шағын қала тұрғындарына шағын несие беруге 40 миллиард теңге қарастырылған.

Бағдарлама шарты бойынша несиенің сомасы:

— мал шаруашылығын дамытуға – 5 млн теңге, зәкірлік кооперацияны дамытуға – 12 млнтеңге;

— басқа ауыл шаруашылығы бағыттарына – 6 млн теңге, зәкірлік кооперацияны дамытуға – 12 млн теңге.

Шағын несие мерзімі – 5 жылға дейін; мал шаруашылығы саласындағы жобаларға – 7 жылға дейін. Жеңілдетілген кезең – несие мерзімінің үштен бір бөлігі.

Шағын несиеге онлайн өтінім беруге болады. Ол үшін фермер ЖСН арқылы www.agronesie.kz платформасына тіркеліп, несие мақсатын таңдап, кепіл берушінің мәліметтерін енгізіп, өтініш жіберуі қажет. Мемлекеттік және басқа да деректер базасымен бірігу кепілді онлайн бағалауға және 10 минут ішінде несиені алдын ала мақұлдау туралы жауапты жіберуге мүмкіндік береді.

Бұл ақпарат пайдалы болды ма?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер