2023 ЖЫЛЫ ФЕРМЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ

2023 ЖЫЛЫ ФЕРМЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ

Маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуге форвардтық қаржыландыру 2023 жылы енгізілетін болады. Механизмдер ең алдымен күзгі және ерте пісетін көкөністерді сатып алуды қамтиды.

Бұл әсіресе республиканың оңтүстік өңірлеріне — Қазақстандағы жеміс-көкөніс өнімдерініңнегізгі өндірушілеріне қатысты, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

ӘКК ерте пісетін егінді қаржыландыруды 1 тамызға дейін және маусымаралық кезеңде 1 қыркүйеккедейін жүзеге асыратын болады. 2023 жылғы ерте піскен егінді жақын арадағы форвардтық сатып алу 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін жүргізіледі. Осылайша, оңтүстік өңірлердегі шаруалар ӘКК арқылы пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады, деп түйіндейді АШМ.

«Бұл шара отандық өндірушілерді әсіресе, көктемгі дала жұмыстары кезінде қолдауға, оларға өткізу нарықтарына қол жеткізуге, өнімді сатып алу және өткізу жүйесін жолға қоюға және нәтижесінде халықты қолжетімді бағамен отандық өніммен қамтамасызетуге мүмкіндік береді», — деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Сондай-ақ вице-министр 2023 жылдан жұмыс істеп бастайтын АӨК субсидиялау жүйесіндегі инновациялар туралы айтып берді. Мемлекеттік қолдау құралдарындағы нақты өзгерістер қолданыстағы субсидиялау жүйесінің негізгі контурларын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Субсидиялауға өтінімдер беру үшін тегін онлайн-платформа әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Онда қаражат жетіспеген кезде ірі тауар өндірушілердің мүдделерін көздеумүмкіндігін болдырмайтын және берілген өтінімдерді кезек тәртібімен қанағаттандыруға кепілдік беретін «күту парақтары» енгізілді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер