КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЕЛІМІЗДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЕЛІМІЗДІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының 80 пайыздан астамы ескірген. Мұндай дерек ашық талқыға шығарылған Қазақстанның 2060 жылға дейінкөміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы стратегиясының құжатында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ауыл шаруашылығы секторы климаттың ықпалына бейім. Климаттың өзгеруі Қазақстандағы жауын-шашын менбиомдардың құрылымына ықпал етеді, экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілігімен қарқындылығы артады, орташа температура жоғарылайды және суаруға арналғансудың қолжетімділігі төмендейді. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығына ұлттық сутұтынудың 3/2 тиесілі. Климаттың өзгеруі көптеген дақылдардың және барлық дерлік аймақтардың өнімділігінің өсуіне теріс әсер етуі мүмкін.

Ауыл шаруашылығын дамыту басты басымдықтардың бірі саналады. Өйткені, ол жұмыспен қамтуда, әсіресе ауылдық жерлерде, сондай-ақ әлеуметтік және азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты маңызды рөл атқарады. Алайда, қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулі болуы көптеген фермерлерге өнімді және тұрақты ауылшаруашылық секторын дамытуға кедергі келтіреді», — деп көрсетілген құжатта.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер