Биыл биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін ветеринария мамандарының еңбекақысына 35 пайыз үстемеақы қосылады. Бұл жайында ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2021 жылмен салыстырғанда ветеринариялық мамандардың жалақысы республика бойынша орташа есеппен 50,3 пайызға өсті. Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап I және II патогендік топтардың патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін ветеринариялық мамандарға кемінде еңбекақыға 35 пайыз және 50 пайыз үстемеақы және екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді», — деді вице-министр жауабында.
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер