МИНИСТРЛІКТІҢ ШОЛАҚ ШЕШІМДЕРІНЕН АДАМДАР ЗАРДАП ШЕГУІ МҮМКІН – ДЕПУТАТ

МИНИСТРЛІКТІҢ ШОЛАҚ ШЕШІМДЕРІНЕН АДАМДАР ЗАРДАП ШЕГУІ МҮМКІН – ДЕПУТАТ

Депутат тауарлық субсидияларды жергілікті деңгейге беруазық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейді. Бұл туралыМәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Премьер-министрӘлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында айтты.

Ауылшаруашылығы министрлігі субсидиялау жүйесінде мемлекеттік қолдаудың бірқатаршараларын алып тастауды, одан бас тартуды көздейтін, кейбір жеңілдіктерді несиеберу және инвестициялық субсидиялармен алмастыратын жаңа тәсілдерді әзірледі. Оныңішінде 2023 жылдан бастап тауарлық-спецификалық субсидияларды өңірлергеберу, оларды аймақтың бюджет есебінен қаржыландыру да бар бар.

«Бұл бойынша сыни жағдай қалыптасуда. Айрықша субсидияларды, әсіресе импортқа тәуелді өнімдер бойынша қолдауды облыстық деңгейге беру олардыңкүшінжоюментең. Салаға өзгеріс енгізілсе қаншама адам министрліктің шолақ шешімдерінен зардап шегеді», – деп есептейді депутат.

Соған сәйкес ол тауарлық субсидияларды жергілікті деңгейге беруден бас тарту қажет деп есептейді.

«Бірінші кезекте бұл қажеттіөнімдерге бағаның өсуіне, оларды өндіру көлемінің төмендеуіне, жұмысорындарының қысқаруына әкеп соғады. Ол өз кезегінде, импорт көлемінің өсуіне, еліміздіңазық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді», — деді ол.

Ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің, сарапшылардың пікірінше, жалпы Ауылшаруашылығы министрлігінің субсидия саласындағы жұмысы сын көтермейді, түсіндіру жұмыстары ақсап тұр, аграрийлердің пікірі ескерілмейтіні анық.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер