ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

Мәжіліс депутаттары 26 қазанда Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы жер қоры мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратқа халық пен бизнестің ашықтығы мен толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әзірленген.

Ақпараттың бытыраңқылығы және ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының болмауы күтілетін нәтижелерді қамтамасыз етпеді.

Бос жер учаскелері бойынша ақпараттың болмауы жергілікті атқарушы органдарға азаматтарға жер учаскесіне құқықтар беруден формальды түрде бас тартуға мүмкіндік берген, мысалы: Бас жоспардың, жоспарлау жобасы, инженерлік желілердің және басқалардың жоқтығына сілтеме жасайды.

Халықтың бос жер учаскелері, ресімделген жылжымайтын мүлік объектілері, инфрақұрылымдар туралы ақпараттың тең және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі әзірленді. Жаңадан құрылған ақпараттық жүйе жер және құқықтық кадастрлардың ақпаратын шоғырландырып, оларғақол жеткізу жария кадастрлық карта арқылы қамтамасыз етіледі.

Жалпы, заң жобасының жаңалықтары мыналарға бағытталған:

— жер қоры мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратқа халық пен бизнестің ашықтығын және толық қолжетімділігін қамтамасыз ету. Кадастрлық деректердің қолжетімділігі;

— ҚР барлық аумағына ашық пайдаланудағы цифрлық картамен қамтамасыз ету;

— жер учаскелерін игеруді/пайдалануды автоматтандырылған бақылау және мониторингтеу;

— қайталанатын бизнес-процестерді жою;

— сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту;

— әр түрлі жүйелерді түзету, сүйемелдеу, техникалық қолдау және басқару шығындарын азайту.

Қазіргі кезде жерлерді заңсыз тартып алу мәселелерінің орын алуда. Ең бастысы осы заң жобасы осындай жағдайлардың алдын алса болды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер