АҚТОБЕ ОБЛЫСЫНДА МАЛДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ РИНОТРАХЕИТ АНЫҚТАЛДЫ

АҚТОБЕ ОБЛЫСЫНДА МАЛДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ РИНОТРАХЕИТ АНЫҚТАЛДЫ

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы,Әйке ауылдық округі, Тереңсай ауылында орналасқан «Саят» ШҚ иесінен 25 қаңтардаветеринариялық қызметіне ірі қара малдардың ауруы туралы хабарлама келіп түсті.Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлгінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Саят» ШҚ-на ветеринарлық мамандармен барып, 52 сиырдың 6-уы жем жемейқойған, ал клиникалық тексеру кезінде ауыз қуысында немесе жануарлардың денесінде қандай да бір зақымдану белгілері болмаған, соған қарамастан малдың аузынан сілекейдің көп мөлшерде бөлінуі байқалған.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша аусыл расталмады, жануарлар инфекциялық ринотрахеитпен ауырғандығы жөнінде диагноз қойылды.

Әйке ауылдық округі әкімінің шешімімен «Саят» ш/қ-на шектеу шаралары енгізілді және Республикалық эпизоотияға қарсы отряд ауру ошағын жою бойынша іс-шаралар жүргізу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, биоматериал сынамалары жақын арада Дүниежүзілік жануарларден саулығы ұйымының халықаралық референттік зертханасына патогенді қайта растау және типін анықтау үшін жіберілетін болады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер