НАН ӨНІМДЕРІ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАЙ ТҮСПЕК

НАН ӨНІМДЕРІ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАЙ ТҮСПЕК

Елімізде жалпы азық-түлік ғана емес нан да қымбаттауда, деп хабарлайды massaget.kz.

Мысалы, «Ақсай нан» дүкенінің әкімшілігі 12 қарашадан бастап өнімдерінің қымбаттайтынын хабарлады. Дүкен әкімшілігінен жаңа прайсты алып, өнімдердің қаншалықты қымбаттағанын көрейік деп шештік. «Әлеуметтік қалыпты» нанының бағасы өзгеріссіз қалған. Оның қаптамасыз түрі «Ақсай нан» дүкендерінде 90 теңгеден, ал қаптамадағы түрі 155 теңгеден сатылады. Ал қалған көпшілік өнімнің бағасы өскен. Солардың кейбіреулеріне көз жүгіртсек, «Бородинский А» 150 теңгеден 155 теңгеге, кесілген батон нан 175 теңгеден 180 теңгеге, қойытылған сүті бар круассан 535 теңгеден 555 теңгеге, кішкентай тоқаштар 780 теңгеден 820 теңгеге, «Солтүстік» прянигі 880 теңгеден 925 теңгеге қымбаттаған.

Бұл «Ақсай нан» дүкендеріндегі баға. Ал жекеменшік азық түлік дүкендеріне жеткізілгенде бұл нан өнімдеріне тасымал құны қосылып, бағасы тағы көтеріле түседі.

Негізі «Ақсай нан» өндірушілерінен жекелеген азық түлік дүкендеріне нан жеткізушілер келісімшартқа отырады. Шарт бойынша, ҚР Ұлттық экономика министрінің м. а. 27.03.2015 ж. №264 бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі Сатушының (өндірушінің) сату бағасының 15%-нан аспауы тиіс. Яғни, қаптамасыз «Әлеуметтік қалыпты» нан қала ішінде 105 теңгеден сатылуы тиіс. Алайда бүгінде бұл талапқа бағынбай әлеуметтік нанның өзіне айтарлықтай баға қосып отырған дүкендер жетерлік. Соның айғағы зауыттағы 90 теңгелік әлеуметтік нан жекеменшік дүкендерде 145-160 теңгеге сатылуда. Алдағы уақытта бұл мәселені назарға алып, нанның жеткізу құнының өз құнына жете қабыл болып отырғанына қатысты тереңірек үңілетінболамыз.

Ал сіздер нанды қаншадан алып жүрсіздер?

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер