Ақтөбеде фермерлер субсидия талаптарын қайта қарауды сұрап, митинг өткізді

Ақтөбеде фермерлер субсидия талаптарын қайта қарауды сұрап, митинг өткізді

Ақтөбеде 3 облыстан фермерлер жиналып, ауыл шаруашылығына берілетінсубсидия талаптарын қайта қарауды сұрады. Олар аграрлық несие корпорациясы мен«Бәйтерек» ұлттық холдингіне қатысты шағым айтты. Өйткені 5-6пайызбен беріліп келген несиенің пайыз үстемесі бірден 6-7 есе көбейген.

«Кредит мәселесі 24,25 пайызға көтеріп жіберді. Ол өте қиын. Ауылшаруашылығы құрылымдары оны көтере алмайды, сондықтан алмайды. Субсидия беріпжатырмыз дейді. 14,16 пайызбен беріп жатыр. Біздің сұрап отырғанымыз, тікелей2,5 пайызбен ақша беріңіз. Ол субсидияны тікелей қаржы институтына беріңіз. Бірқолдан бір қолға, әрліберлі ақша айдамайық», — дейді шаруа қожалығының басшысы Мақсат Балғазин.

КТК телеарнасыныңхабарлауынша, Ақтөбеде өткен бейбіт митингіге көршілес Батыс Қазақстан менҚостанай облыстарының шаруалары да келді. Күрмеуі шешілмеген мәселе тек малбағушылар ғана емес, егін шаруашылығында да бар. Былтырдан бері Ақтөбеоблысында 30 мың тоннаға жуық бидай ешқайда өткізілмей қамбаларда жатыр. Өнімдітіпті, макарон өнімдерін шығарумен айналысатын отандық кәсіпорындар да алмайотыр.

«Кең дала»бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарына берілетін қаржы көлемі де аздықетеді. Фермерлер «Аграрлық несие корпорациясынан» бір-екіСеріктестіктегі қателікке бола, бүкіл жүйені жауып тастамауды сұрайды.Айтуларынша, қазір «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілескомпанияларынан берілетін несие үстемақысы 24 пайызға дейін көбейтілген. Еңүлкен мәселенің бірі – осы. Кездесуге келген холдинг басшылары мәселеніреттейміз деп уәде етті.

«Субсидияны барлығы тек „Бәйтеректің“ қарамағындағы еншілескомпаниялардан неге тура түспейді дейді. Енді ауыл шаруашылығы министрлігіменол жұмыс істелініп жатыр. Негізі олар да қарсы емес. Ақтөбе облысы тым болмасаосындай пилот жоба өткізіп, осы субсидияны тікелей несие компанияларынатөлеңдер деп қарастырамыз, — деп айтты »Бәйтерек" АҚ басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер