Қарағанды облысының шаруалары кебек бағасының қымбаттап кеткеніне наразы, деп хабарлайды atameken business.
Онсызда, мал азығына қолдары әрең жетіп жүрген тұрғындар «төрт түліктің арқасында күнімізді әрең көріп келеміз» дейді.
Мәселен, бір апта бұрын кебектің қабы 1400 тг болса,қазір – 1800 тг болды. Фермерлер жылқыларға қабықтың 20 қабына жуық кетеді депотыр.
Осындай қымбаттағанға шыдамаған шаруалар малынан арылып жатқан жайы бар.
Мұхаметқали Бекенбаев, шаруа:
— Кебек 2000 тг болса, ол күніне, мысалы 10 қап кетсе, яғни күніне 20 мың теңге, ал 10 күнде – 200 мың теңге кетеді ғой. Амалсыз мал соя бастадық.
Ал облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы осы мәселені сұраныстың артуымен байланыстырып отыр. Яғни шарықтаған бағаны кері қайтара алмаймыз деп отыр.
Өңірлеріңізде кебек қанша тұрады?
Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер