ФЕРМЕРЛЕР НЕСИЕЛЕРДІҢ ҚОЛ ЖЕТІМСІЗДІГІНЕ ШАҒЫМДАНУДА

ФЕРМЕРЛЕР НЕСИЕЛЕРДІҢ ҚОЛ ЖЕТІМСІЗДІГІНЕ ШАҒЫМДАНУДА

Несие беретін «Бәйтерек» ҰБХ" АҚ еншілес компанияларының кепіл мөлшерін фермерлерқолайсыз деп санайды.

Қазақстандық фермерлер «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына «Бәйтерек» холдингінің кредиттері бойынша көтерілген талаптарды қайта қарау ұсынысымен жүгінді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің айтуынша, 1 теңге көлемінденесие алу үшін 5 теңге кепілге қою қажет. Несие беретін «Бәйтерек» ҰБХ" АҚ еншілес компанияларының кепіл мөлшерін фермерлер қолайсыз деП санайды.

«Кәсіпкерлер кепілді бағалау кезінде тәуелсіз бағалау компаниясы төмен құнын көрсетеді деп шағымданады, атап айтқанда, кепіл құнын анықтау кезінде АКК (Аграрлық несие корпорациясы) тәуелсіз бағалау компаниясы анықтаған кепіл бағасы құнының төмендеу коэффициентін дербес анықтайды. Кейбір жағдайларда төмендету коэффициенті нарықтық құнның 0,3 пайызын құрауы мүмкін», — деді «Атамекен» ҚР ҰКП.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер