ФЕРМЕРЛЕР СУБСИДИЯНЫ ЕНДІ АБОНЕНТТІК ТӨЛЕМСІЗ РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ

ФЕРМЕРЛЕР СУБСИДИЯНЫ ЕНДІ АБОНЕНТТІК ТӨЛЕМСІЗ РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ

АӨК саласындағы фермерлер мен сарапшылар субсидияларды Qoldau емес, «Бірыңғай мемлекеттік субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» арқылы (gosagro.kz) рәсімдей алады деп жазады inbusiness.kz.

Жаңа платформаның басты айырмашылығы — фермерлерге оны пайдалану үшін абоненттік төлем төлеудің қажеті жоқ. Ақпараттық-есепке алу орталығының хабарлауынша, Qoldau платформасында фермерлерді субсидиялау қызметі өшіріліп, субсидиялау дерекқоры Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген.

«Qoldau платформасы ел басшылығының тапсырмалары шеңберінде мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін цифрландыру, бағалау, аудиторлық және бухгалтерлік қызметті цифрландыру, мемлекеттік кірістер органдарының мониторингі үшін астықты қадағалау саласы, банкроттық рәсімдерін цифрландыру, мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мониторингі және басқа да ауқымды жобалар бойынша жаңа жобаларды іске асыра отырып, жұмысын жалғастырады», — делінген.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер