ФЕРМЕРЛЕР СЫБАҒАНЫҢ САЗАЙЫН ТАРТЫП ЖҮР

ФЕРМЕРЛЕР СЫБАҒАНЫҢ САЗАЙЫН ТАРТЫП ЖҮР

Павлодар облысында «Сыбаға» бағдарламасына қатысқан фермерлер сазға отырды.

Еуропаның герефорд сиырын сатып алып субсидияға кенелеміз деген кәсіпкерлер өздері млн-даған теңге берешек болып қалды. Шет елден асыл тұқымды ірі қара мал жеткізіп беретін делдал оператор, алдап соққан. Тек қана олар емес, шенеуніктерде бізді шырғалаңға салды, деген шаруалар енді сот табалдырығын тоздыруға мәжбүр.

Үш жыл бұрын Баянауылдық фермер Теміржан Қиышев«Сыбаға» бағдарламасына қатысып, 85 млн теңге несие алған. Олқаражатты еуропадан асыл тұқымды ірі қара мал жеткізіп беретін оператордыңесеп-шотына бір тиынын қалдырмай аударады. Содан бері 100 бас сиырдан бір хабаржоқ. Енді, несие берген ұйым қарызды қайтарыңдар, деп қысып жатыр. Кезіндешенділердің сөзіне сеніп қалғанына өкінеді.

«Бізгеоператор тауып берген бұрынғы зам әкім Өтешов Мейрам Олжабайұлы. Операторлармендоговорға отырған екен. Бізге осыны төле дейді, мал келген жоқ. Мал келсеойлағанбыз соның өсімімен төлейміз, деп кредитті. Келмеген малға қалай төлеймізкредитті», — дейді Шаруақожалық басшысы Теміржан Қиышев.

Дәл осындайжағдай ақтоғайлық фермерлерде дебар.

Былтыр күздефермерлер қостанайлық оператор компанияны сотқа берген. Екі инстанциядан дажеңіп шықты. Алайда, ол фирманың есеп-шотында іліп алар қызыл тиын болмайшықты. Сол себепті, сот орындаушылардың қолынан келер қайран жоқ. Қысқасы олкомпания банкрот болған. Ал, біздегі шенділер ешкімге мәжбүрлеп несие алдырғанжоқпыз, деп бас алып қашуда.

«Біз мемлекеттік қызметші ретіндеоларға несие ал деп міндеттей алмаймыз. Біз тек алуға ұсыныс айтамыз.»Осындай бағдарлама бар, қатысуға болады деп". Олар асыл тұқымды малалса біз субсидия беруші едік. Біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз", дейдіОблыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев.

Бүгінгі таңдафермерлерге несие берген корпорация қарызды өтемеген үшін сотқа берген.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер