ФЕРМЕРЛЕР МЕН САРАПШЫЛАР БҰЗАУЛАРДЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ФЕРМЕРЛЕР МЕН САРАПШЫЛАР БҰЗАУЛАРДЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Jańa Dala / GreenDay '2023» дала күнін ілгерілету аясында "Өмірдің алғашқы айларында бұзаулардың сақталуының алдын алу" тақырыбы бойынша екі күндік практикалық семинар өз жұмысын бастады. Семинар ІҚМ сүт жәнеаралас тұқымдарының Республикалық палатасымен және «V-con» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылып, конференц-залда, «Еңбек» ЖШС фермасының оқу сыныптарында өтуде, деп хабарлайды world of NAN.

Семинарға ШҚО, БҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қалаларынан 50-ден астам ветеринар қатысады.

Практикалық бөлімде тыңдаушылар қарапайым ферма жағдайында бұзауларды сақтауға бағытталған технологиялармен танысты.

«Еңбек» ЖШС сүт фермасының меңгерушісі Бүртібаева Ләззат, бұзаулардың сақталуы 100%. Шаруашылықта бірнеше ай бойы антибиотиктер қолданылмайды.

Спикерлер антибиотиктерді қолдануды барынша азайтуға және бұзаулардың сақталуын арттыруға қалай қол жеткізгені туралы ақпарат берді. Конференц-залда тәжірибелі ветеринарлық мамандар мен шаруа қожалықтарының басшылары осындай семинарлардың пайдасы мен қажеттілігі туралы сөз сөйледі. Талқылау барысында МТФ — дағы жұмыс тәжірибесі және бұзаулардың сақталуын жақсарту бойынша көптеген сұрақтар менжауаптар болды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер