ФЕРМЕРЛЕРГЕ 423 МЫҢ ТОННА ДИЗЕЛЬ БЕРІЛЕДІ. АЗ БА, КӨП ПЕ?

ФЕРМЕРЛЕРГЕ 423 МЫҢ ТОННА ДИЗЕЛЬ БЕРІЛЕДІ. АЗ БА, КӨП ПЕ?

Қазақстан биыл 5,4 млн тоннадан астам дизель тұтынады. Оның 423,5 мың тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бағытталады. Мұндай ақпаратты энергетика министрлігі айтып отыр.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге шілдеде — 106,6 мың тонна, тамызда — 145,6 мың тонна тиеп-жөнелтілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тиеп-жөнелту ерекше негізде жүзеге асырылады және тұрақтыбақылауда болады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге барлығы 423,5 мың тонна дизель отынын тиеп-жөнелту жоспарланып отыр», — деді министрлікте.

Сіздердің ойыңызша, бұл жеткілікті ме? Өңірлеріңізде дизель тапшылығы бар ма?

Пікірлеріңізді MalBazar телеграм-арнамызға қалдырыңыздар.