«Азық-түлік корпорациясы» ұлттық компаниясы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған ауылшаруашылығы өндірушілеріне (оның ішінде 2021-2022 жылдардағы форвардтық сатыпалу бағдарламалары бойынша) негізгі қарыз сомасын 2023 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде толық қайтарған кезде борыштық жүктемені төмендету мүмкіндігін береді, жеп жазады eldala.kz.
"Өсімпұл мен айыппұлды төлеу бойынша міндеттемелерді тауар жеткізу, сондай-ақ негізгі борышты ақшалай қаражатпен тікелей корпорацияның шотына қайтару арқылы орындау мүмкіндігіне жол беріледі", — деп хабарлады Азық-түлік корпорациясы.
Толығырақ ақпаратты Азық түлік корпорациясының облыстық өкілдіктерінен алуға болады:
·Ақмола облысы: Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел.(8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22; ·Қостанай облысы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. (8-714-2)53-11-44, 54-28-94; ·Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизан көшесі, 160, тел.(8-715-2) 42-22-66, 55-11-60. Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер