ФЕРМЕРЛЕРГЕ АРЗАНДАТЫЛҒАН НЕСИЕЛЕР БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ФЕРМЕРЛЕРГЕ АРЗАНДАТЫЛҒАН НЕСИЕЛЕР БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Солтүстік Қазақстан облысының АӨК-дегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі тәжірибесін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы бүкіл Қазақстанбойынша масштабтау жоспарлануда. Бұл туралы бизнес-қоғамдастық өкілдерімен,«Атамекен» ҰКП, Сауда министрлігімен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігімен кездесуде ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай мәлімдеді, деп хабарлады бейінді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ол 2021 жылы СҚО әкімдігіне ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларға жеңілдікпен кредит беру үшін «Солтүстік» ӘКК жарғылық капиталын толықтыруға 15 млрд теңге бөлінгенін еске салды. Пилоттық жоба өңірде 17 жаңа өндіріс ашуға мүмкіндік берді, оның ішінде құс фабрикалары, қой фермалары, жылыжай кешендері және майлы дақылдарды қайта өңдеу кәсіпорны.

2022 жылы ӘКК 23 инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін тағы 20 млрд теңге алды: сүт-тауар фермалары, қой, құс, шошқа өсіру, майлы дақылдарды өңдеу, көкөністер мен картоп өсіру үшін су алу және беру инфрақұрылымын дамыту.

«Екі жыл ішінде СҚО бойынша 21 сүт-тауар фермасы салынды, ал 2020жылға дейін еліміз бойынша жыл сайын орта есеппен 2-3 МТФ салынды. Соныңарқасында еліміз бойынша 584 мың тонна сүт немесе барлық сүттің 10,5% — Северо Солтүстік Қазақстан облысы өндіреді»,- деп атап өтті вице-министр.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі СҚО тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау мәселесін пысықтауда. Бұл ішкі нарықты сүт өнімдерімен, құс етімен, маусымдық көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндікбереді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге қарыз беру жоспарлануда. Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 айды құрайды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер