ФЕРМЕР БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА 31 МЫҢ ТЕҢГЕ СЫЙҒА ТАРТТЫ

ФЕРМЕР БІР ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА 31 МЫҢ ТЕҢГЕ СЫЙҒА ТАРТТЫ

Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының 11 отбасына «Отқанжар» серіктестігінің басшысы ақшалай көмек көрсетті. Ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай ол бір жасқа дейінгі балаларға 31 мың теңге бөлді, деп хабарлайды world of nan.

Серіктестік басшысы Аслан Отарбайдың айтуынша, ол әкесінің үлгісімен туған ауылының көп балалы және аз қамтылған отбасыларына көмектеседі. 2000 жылдардың басында оның әкесі Қанат Отарбаев бір жасқа дейінгі сәбилерге өзатынан біржолғы ақшалай көмек құрды. Осы жылдар ішінде 250-ге жуық балағакөмек көрсетілді.

«Бұл менің туған ауылым. Біздің шаруа қожалығының қызметкерлері осында тұрады, олардың отбасылары да тұрады. Сондықтан оларға жағдай жасап, қаржылай көмек көрсетуді өз міндетім деп санаймын», – дейді Аслан Отарбай.

Ол басқаратын «Отқанжар» серіктестігі – ауданның ірі қой шаруашылықтарының бірі. 2012 жылдан бастап ірі қара мал өсірумен айналысады.

«Серіктестік жыл сайын бір жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға көмектеседі. Бұл оларға жөргектерге және басқа да қажеттіліктерге ақша бөледі. Жыл сайын демеушілік көмек көлемі артып келеді. Нұра ауданының 90 жылдығына орай шаруашылық күшімен Топаркөл бөлімшесінде балалар ойын алаңы ментойхана салынды. Фермерлік шаруашылықта 130 адам жұмысқа орналастырылды»,- дейді ауыл әкімі Айдос Агзамов.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер