ТҮРКІСТАН ФЕРМЕРІ: «ИГЕРІП ЖАТҚАН ЖЕРДІ ЕСКЕРТПЕЙ КОНКУРС ЖАСАП БАСҚА БІРЕУГЕ БЕРГЕН!»

ТҮРКІСТАН ФЕРМЕРІ: «ИГЕРІП ЖАТҚАН ЖЕРДІ ЕСКЕРТПЕЙ КОНКУРС ЖАСАП БАСҚА БІРЕУГЕ БЕРГЕН!»

Түркістан шаруаларының наразылықтары таусылар емес. Жылдар бойы жиналған мәселелерді бүгін облыс әкіміне айтпақ. Осындай мысалдардың тағы бірін Алмасбек Садырбайға Ордабасы ауданының шаруасы Ақтөре Мақұлбек баяндап отыр.

Шаруаның айтуынша, 2001 жылдан бері игеріп келе жатқан жердің жаңа иесі пайда болды. 2016 жылы заңсыз жолмен ескертпей конкурс жасалып, жер басқа біреуге берілген.

«Ал біз егіп, налогын төлеп отырғанбыз. Бізге «шық» деп жатыр. Сотқа беріп едік, ұтылдық», — дейді шаруа.

Алмасбек Садырбайдың айтуынша, осындай мысалдар тек қана Түркістанда ғана емес, Қазақстан бойынша әлі де орын алуда.

«Осындай заңсыз түрде жерді иеленудің алдын алу керек», — деп атап өтті агросарапшы.

Еске салсақ, Алмасбек Садырбай бүгін мақта бағасы мәселесі, жер мәселесі, субсидиялар және басқа да агро сала мәселелердіоблыс әкімдігінде кезекті рет көтереді.

«Бұл ешқандай митинг емес! Шеру жасап, шулату ойымызда жоқ! Мақсатымыз — өңірдегі шаруалардың мәселелері тыңдалса, шешімін тапса болды», — деді ол.

Жаңа Қазақстан құру үшін бұл өте маңызды.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер