ҚОРҒАУСЫЗ ҚАЛҒАН ФЕРМЕР ПРЕЗИДЕНТТЕН КӨМЕК СҰРАДЫ

ҚОРҒАУСЫЗ ҚАЛҒАН ФЕРМЕР ПРЕЗИДЕНТТЕН КӨМЕК СҰРАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Барс» шаруа-фермер қожалығының басшысы Бари Амоев өміріне қауіп төніп тұрғанына байланысты мемлекет басшысынан көмек сұрады. Бірнеше жыл бойы оған қасақана зиян келтіру жағдайлары орын алып отыр. Алайда, кінәлілер тергеуден құтылуда.

Оның шаруашылығында шамамен 20 мыңгектар жер бар, қарыздары мен несиелері жоқ, мемлекеттен де қолдау күтпейді. Оның сәтті жүріп жатқан ісін көре алмайтындар көп дейді шаруа.

Бари Амоев тіпті үйін біреу өртеу, оны ұрып-соғу жағдайларына тап болған.

«Мен сол сәтте бұл адамдар мені ұрадыдеп ойлай алмадым. Себебі жас балалар қорғансыз қартқа шабуыл жасай ма? Алайдамен қателік жібердім: көлігімнен олардың жағына қарай жүрдім. Олардың бірі маған мылтықты бағыттады. Мен күтпеген жерден құлап жатқанда, екіншісі жүгіріп келіп, сол көзімді металлға ұқсас ауыр затпен ұрды. Мен жерде жартылай ессізкүйде жаттым. Менің бақытыма инженер уақытында келді. Содан кейін учаскелік инспектор келді», — деді ол.

Кәсіпкер оның бизнесін, жерін біреутартып алмақшы дегенге сенімді.

Қорғау іздеп прокуратураға жүгінді, бірақкөмек болмады. Енді ол Президенттен көмек күтеді.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер