Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметін сақтап қалды, алайда шаруалар қарсы

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі қызметін сақтап қалды, алайда шаруалар қарсы

Осы аптада Ербол Қарашөкеевтің ауыл шаруашылығы министрі болып қалғаны хабарланды.

Қарашөкеев министр қызметін 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап атқарады.

Алайда, шаруалар оның кандидатурасына бірнеше рет қарсылық білдірген болатын.

Атап айтқанда, ұлттық агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай Қарашөкеев ел Президентінің тікелей тапсырмаларын орындамайтынын айтты.

"Ербол Қарашөкеевтің өзі жақсы адам. Бірақ ол жаман министр. Оның агросаладағы біліктілігі жетіспейді. Бұл менің пікірім ғана емес, сонымен қатар сала сарапшыларының пікірі. Ол Президенттің тікелей тапсырмаларын орындамайды", - деді А. Садырбай.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы министріне берілген ең алғашқы тапсырма - жемшөп мәселесін шешу болды.

"Ол елдің батысында да, оңтүстігінде де, жалпы ел бойынша жемшөп мәселесін мүлдем шешкен жоқ. Сондай-ақ, Президент оған суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды тапсырды. Алайда, оның орнына Қарашөкеев мырза су қоймаларын құруға субсидияларды алып тастады. Содан кейін Президент жеке қосалқы шаруашылық туралы заң қабылдауды тапсырды. Қарашөкеев мұны да орындаған жоқ. Оның «шикі» Заңы Парламенттен өткен жоқ. Содан бері бір жылға жуық уақыт өтті, бұл заңға ешкім қол тигізбеді", - деп атап өтті фермер.

Сіздің пікіріңіз?

Біздің Телеграм-каналымызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыздар.