Елімізде жұмыс іздеп жүргендер саны екі есе артты

Елімізде жұмыс іздеп жүргендер саны екі есе артты

Электрондық еңбек биржасында түйіндемелер саны екі есе өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шілдеде Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 98 мың бос жұмыс орнын, ал ізденушілер 93,4 мың түйіндеме орналастырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, маусым айымен салыстырғанда бос орындар саны 8,1 мыңға, ал түйіндеме – 38,8 мыңға өскен.

Ең көп бос жұмыс орындарын басқа қызмет түрлері кәсіпорындарының, негізгі және жалпы орта білім берудің және ауыл шаруашылығының жұмыс берушілері орналастырды.

Шілде айында жұмыс берушілер арасында біліктілігі жоқ мамандармен қатар колл-орталықтардың операторлары, автомобиль жүргізушілері, сондай-ақ күзетшілер үлкен сұранысқа ие болды. Бұл ретте, маусым айымен салыстырғанда халықты әлеуметтік қорғау қызметінің мамандарына, тігіншілерге және арматурашыларға қатысты сұраныс артты.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының жоғары білікті қызметкерлері тарапынан белсенділік артты. Медбике/мейіргерлер, фельдшерлер және медицина саласындағы басқа да ізденушілер орналастырған түйіндемелер саны екі есе өсті.

Біздің Instagram, Youtube аккаунттарымызға тіркеліңіздер.