АРАБ ЕЛДЕРІНЕ ҚОЙ ЕТІНІҢ ЭКСПОРТЫ ҮЛҒАЯДЫ

АРАБ ЕЛДЕРІНЕ ҚОЙ ЕТІНІҢ ЭКСПОРТЫ ҮЛҒАЯДЫ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда құрылатын "Қой шаруашылығын дамыту қоры" жұмысына араб кәсіпкерлерін қатыстыру мүмкіндігін қарастыруда.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров пен арабтың «Al-Reef Al-Tholathy» компаниясының атқарушы директоры Мұхаммед Нассер Алмукейриш азық-түлік өндіретін ірі компаниялардың бірімен ынтымақтастық келешегін талқылады, деп хабарлайды Ауылшаруашылығы министрлігі.

«Араб кәсіпкерлерінің Қазақстанда құрылатын „Қой шаруашылығын дамыту қоры“ жұмысына қатысумүмкіндігі қарастырылды. Жоба қазақстандық қой мен қозыны арабмемлекеттеріне, бірінші кезекте Парсы шығанағы елдеріне жеткізуге ықпал ететін болады. Өндірілген қаражатты одан әрі қой өсірумен айналысатын отандық фермерлерді қаржыландыру үшін пайдалану жоспарланып отыр. Қазіргі уақыттажобаға инвесторларды тарту бойынша жұмыс басталды. Сауд Арабиясының қарқындыдамып келе жатқан компанияларының бірі саналатын және өз нарығын жоғары сапалысалқындатылған етпен қамтамасыз етумен айналысатын „Al-ReefAl-Tholathy“ компаниясы әлеуетті серіктес бола алады», — делінгенақпаратта.

2022жылғы 9 ай ішінде еліміз 29,7 мың тонна ет, оның ішінде 6,7 мың тонна қой еті экспорттады. Қой еті негізінен Өзбекстан, БАӘ, Кувейт, Оман және Бахрейн мемлекеттеріне жөнелтілген. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық қой етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және өндірісті ұлғайтуға одан әріықпал ететін болады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер