ЖАНБАҒЫС ҮШІН КҮНБАҒЫС ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

ЖАНБАҒЫС ҮШІН КҮНБАҒЫС ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҚАЖЕТ

Қазақстанда сұйық май мен күнбағысқа қатысты ахуал күрделеніп жатқан көрінеді. Үкімет амалсыз, аграршылардың дегеніне көнді, деп жазады inbusiness.kz.

Кейінгі кезде мемлекеттен мол субсидияалу, артықшылық иелену үшін ауыл шаруашылығы алпауыттарының билікке қоғамдық пікір арқылы қысым көрсетуге тырысуы әдетке айналып кетті. Біресе құс фабрикалары мен жұмыртқа өндірушілер, біресе, мал өсірушілер мен ет өндірушілер, одан қалды, астық өңдеушілер мен ұн өндірушілер «ахуалдың ауырлығын» алға тартып, Үкімет алдына ультиматум қояды. Енді ақпарат құралдары күнбағыс өсірушілер мен тұқым өндірушілердің дабылын жарыса жариялап жатыр. Бұған Қазақстанның егіншілері одағының ашық хаты себеп болған.

«Сауда және интеграция министрлігінің шенеуніктері бізді, агроөнеркәсіп кешені саласындағы қауымдастықтардың бастамашыл тобын және қатардағы фермерлердітыңдағысы келмей отыр. Біздің барлық хаттарымыз, дәлел-дәйектеріміз елеусіз, жауапсыз қалды… Біз, фермерлер, күн сайын егістікте жұмыс істейміз және»еститін мемлекеттен", Сауда министрлігінен қолдау көрмедік", –деген арыз иелерінің хатын ҚазТАГ агенттігі және басқасы басты.

Мәселе күнбағыс тұқымының сыртқа экспортына тоспа қойылуы туралы болып отыр.

Мамандар күнбағыстың өзге дақылдарға қарағанда көптеген артықшылығы барына назар аудартады. Басқасын айтпағанда, күнбағыс шөлге біршама төзімді өсімдік саналады. Ал экологтар су ресурстары тапшы Қазақстан аумағы жоғары қарқынмен шөлденіп келе жатқанын айтады. Демек, Үкімет келешегі зор бұл саланың проблемаларын кешенді шешу жолдарын пысықтағаны абзал. Кілең шектеу шаралары ұзақ мерзімді тиімділік әкелмесі анық.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер