САРАПШЫ: ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ЕГУ КЕРЕК

САРАПШЫ: ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ЕГУ КЕРЕК

Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері Нұрлан Даутқанов қант тапшылығы мәселесін шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз Павлодар облысында бірқатар сынақ жүргіздік. Қант қызылшасы жақсы өседі. Егер мүмкін болса, осы жақта өскен қызылшаны теміржолды пайдалана отырып, Көксу және Ақсу қант зауыттарына жеткізу қажет. Ол суық мезгілдерде жақсы сақталады. Өнімді наурызға дейін солтүстік аймақтарда қолдануға болады», — деп бөлісті Нұрлан Даутқанов.

Қоса кетсек, сарапшылар жиынына қатысқан «Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Айжан Абақанқызы қызылшаның сапасына қатысты пікір білдірген еді. Оның сөзінше, жеке фермерлер зауыттарға шіріген және қоқыс араласқан өнім тапсырады.

Өзекті жаңалықтарды біздің сайтымыздан оқи отырып, Malbazar телеграм-арнамызда пікірлеріңізбен бөлісіңіздер